ҰБТ

Болашақта қандай жағдайда түлектер ҰБТ тапсырмауы мүмкін?

  • © Sputnik / Евгений Епанчинцев

    © Sputnik / Евгений Епанчинцев

Білім және ғылым министрлігінің қоғамдық кеңесі ЖОО-ның ақылы бөліміне түсетін түлектердің ҰБТ тапсырмауын ұсынды, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.


Бұдан бұрын "Ақжол" партиясының мәжіліс депутаттары мәлімдегендей, еліміздегі грант бөлудің қазіргі жүйесі білімді жастардың Қазақстаннан кетіп қалуына әкеп соғады, себебі ҰБТ және грант бөлу процедурасы дарынды түлектерді шетелден тегін білім алу жолдарын іздеуге итермелейді. Ресей, Чехия, Қытай және басқа елдердің ЖОО-дары қазақстандық түлектерді ҰБТ қорытындысынсыз қабылдап, грант ұсынады.


"Қазіргі заманда көптеген ел, оның ішінде Ресей мен Қытай да бар, жоғары білімді халықтың санын көбейтуге тырысады. Бізде де сондай үрдіс қалыптасуы керек, сондықтан жоғары білімнің қол жетімділігін арттырмаса болмайды – ҰБТ тапсыруды жастардың қажеттілігіне қарай икемдеп, бейімдеуіміз керек", — деді қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Ирсалиев.


Қоғамдық кеңес министрлікке ЖОО ақылы түсетіндерге ҰБТ тапсырмауға мүмкіндік беруді, ҰБТ сынағын мемлекеттік грант алу үшін конкурстық іріктеу құралы ретінде бекітуді қарастыруға кеңес берді.


Sputnik

 




Көрілген: 1379    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.09.2017, 15:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31