ҰБТ

Бір мектептің 40 оқушысы "Алтын белгі" иегері атанды

  • © otyrar.kz

    © otyrar.kz

8 маусым — ұлттық бірыңғай тестілеудің соңғы күні. Шымкеттегі Мардан Сапарбаев атындағы гуманитарлық институттың ғимаратында 606 түлек мемлекеттік сынақ тапсырды. Ал облыс бойынша Сарыағаш, Мақтаарал аудандарында 1 237 оқушы 11 жыл алған білімін дәлелдеп шықты.

Сынақ нәтижесі testcenter.kz сайтында жарияланады. Ал кешегі өткен сынақта тағы екі түлек 125 балл жинап, Оңтүстіктегі озат оқушылардың санын алтыға жеткізді. Айта өтейік, Қазақстанда 19 түлек 125 балл жинады, оның алтауы — Оңтүстікте.


Осы тұста айта өтетін жайт, Мақтааралдағы Бауыржан Момышұлы мектебінің 40 оқушысы Алтын белгі иегері атанды. Бір білім ошағынан Алтын белгіге үміткер 57 түлектің 40-ы ҰБТ-да өздерінің үздік екенін дәлелдеп шыққан. Сөйтіп, бұл мектептегі бітіруші түлектердің ҰБТ-дағы орташа балы 114-ке жетіпті. Бұл білім ордасы соңғы үш жылдан бері ұлттық бірыңғай тестілеуден топ жарып келеді. 


otyrar.kz




Көрілген: 2021    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.06.2016, 14:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30