IELTS пен TOEFL тапсырғандар ҰБТ-да ағылшын тілінен босатылады

21 қараша 2018, 21:34

Ағылшын тілі білетіні туралы халықаралық сертификаты бар мысалға IELTS пен TOEFL оқушылар, ағылшын тілін таңдап соны көрсету арқылы ҰБТ тапсырмай-ақ бірден жоғарғы балл алуына болады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2019 жылы шет тілін білетіні туралы халықаралық сертификаты бар оқушылардың "Шет тілі" пәні бойынша ҰБТ-дан босатылуы туралы норма енгізіледі.

Егер оқушылардың IELTS, TOEFL және басқада халықаралық сертификаты болса және олардың көрсеткіші 6,0 және одан жоғары болатын болса - бұл айтарлықтай жоғарғы балл, яғни бұл оның ағылшын тілін жақсы меңгергені туралы айтады және сол себепті ол осы пән бойынша тестілеуден босатылады. Ол тек сертификатын көрсетіп, нақты баллды алады", - деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, бұл тәжірибе магистратураға тапсырушылар үшін қолданылғанын айтады.

Сертификаттың мерзімі өтіп кетпеуі қажет.