ҰБТ

Жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ-дан қанша балл жинау керек?

  • © Baribar.kz

    © Baribar.kz

"Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін емтиханнан қанша балл жинау керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Білім, ауыл шаруашылығы және ветеринария бағыты бойынша ең төменгі шекті балл – 60. Ұлттық университеттерге түсу үшін 65 балл жинау керек, медицина бойынша да 65 балл қалады", — деді Әлімқұлов.


Оның айтуынша, биыл тест сұрақтарының 50 пайызы жаңартылған. Сонымен қатар сұрақ қоры да көбейіпті.


"ҰБТ-ға дайындық қызу жүріп жатыр. Былтыр 40 мың сұрақ болса, биыл қорымызда 119 мың сұрақ бар. Оның 3 мыңдайы – ағылшын тілінде. 119 мың сұрақтың 11 пайызы функционалдық сауаттылыққа бағытталған, 37 пайызы бір немесе бірнеше дұрыс жауапқа арналған тест сұрақтары", — деді орталық директоры.


Айта кетсек, биыл ұлттық бірыңғай тестілеуді 167 пункте өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 48 пункті жоғары оқу орындарында, қалғаны орта мектептерде орналасқан.


 


 




Көрілген: 3346    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.05.2018, 18:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30