ҰБТ

Қаңтарда өтетін ҰБТ-ға кім қатыса алады?

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Ақылы бөлімде оқитын талапкерлер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді қаңтар айында тапсыруға мүмкіндік туып отыр. Бұл Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады. БҒМ баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, мемлекеттік білім беру гранттары негізгі ҰБТ тапсырылғаннан кейін үлестірілетін болады.


Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысатындар:


- орта мектептердің 11-12 сынып оқушылары (2019-2020 оқу жылында ЖОО-да ақылы негізде оқу үшін). Қаңтар айында өтетін бұл тестілеу түлектерге негізгі тестілеудің алдында өз білімдерін тексеру үшін таптырмас мүмкіндік. Мемлекеттік білім беру грантына үміттенген талапкер 2019 жылғы жазда өтетін ҰБТ-ны міндетті түрде тапсыруы қажет. Өйткені, қаңтар айындағы тестілеуде шекті балл жинаған тестіленуші бұл сертификатымен ЖОО-да тек ақылы негізде оқи алады;


- ЖОО-ға уақытша тіркелген және бірінші семестрді аяқтап жатқан студенттер. Бұл тестілеуден студент білім алып жүрген оқу орнына ресми тіркелу үшін және ЖОО-дағы оқуын жалғастыру үшін өтеді. Егер студент шекті балл (50 балл) жинай алмаса, оқудан шығарылатын болады.


"Тестіленушілер қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысқаннан кейін маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысу және мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін байқауға қатысу мүмкіндігінен айырылмайды. Тестілеуге қатысу үшін өтініштер ұлттық тестілеу орталығының ҰБТ тапсыру пунктерінде қабылданады. Қаңтар айындағы тестілеу ақылы, құны – 2242 теңге", - делінген хабарламада.


 


 


BAQ.KZ 




Көрілген: 919    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.10.2018, 12:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31