ҰБТ

Кешенді тестілеуге 81 мың түлек өтінім берген

  • © mgorod.kz

    © mgorod.kz

Шілденің 18-23 күндері аралығында елімізде кешенді тестілеу науқаны жүргізіледі. Бүгінде аталған шараға қатысуға тілек білдірген түлектердің өтінімін қабылдау жұмыстары аяқталған. Қазақстанның барлық өңірінде өтетін айтулы науқанға елімізден 81 285 адам қатысады деп күтілуде. Олардың 56 741-і қазақ, 24 544-і орыс тілінде тест тапсырады.


Сонымен қатар, 17 259 өтінім мектеп бітіруші түлектерден түскен, 19 765-і 11-ші сыныпты бітіргеннен кейін оқуға түскен кәсіптік-техникалық білім беру түлектері және 44 261-і 9-шы сыныптан кейін оқуға түскен кәсіптік-техникалық білім беру түлектерінен түсті. Өтініш бергендердің саны 2014-ші жылмен салыстырған 6,63%-ға (87061 өтініш) қысқарған.


Кешенді тестілеу 2015 жылы 18-ші және 23-ші шілде аралығында 40 жоғары оқу орындары базасында өткізіледі. Оның ішінде 3-уі ұлттық өнер университеті мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствосына қарайтын 3 жоғары оқу орындары.


С.Сейфуллин атындағы Казақ агротехникалық университеті базасында 2015 жылдың 14-15 шілдесінде ҚР БҒМ-ның уәкілеттері мен бағдарлама жасаушыларына, аппеляциялық комиссия төрағаларына және аймақтарда өткізілетін тестілеуге бақылауды жүзеге асыратын техникалық жұмыскерлерге оқыту семинарлары өткізілді.


Ұлттық тестілеу орталығымен берілген өтініштерге орай емтихан материалдары дайындалып жіберілді.


Сынақ нәтижелері емтихан күні өңделіп, олардың қорытындылары жалпыға шолу үшін жоғары оқу орындарының стендтарында ұсынылды, сондай-ақ, ҰТО www.testcenter.kz сайтында да жарияланды.


baq.kz 


 

 




Көрілген: 2174    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.07.2015, 17:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30