ҰБТ

ҚР БҒМ «Алтын белгімен» бітірген түлектері аз балл алып қалған мектептерді тексермек

  • © inform.kz

    © inform.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Алтын белгі» иегерлері Ұлттық бірыңғай тестілеуден аз балл алып қалған мектептерді тексеретін болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА  тілшісі.


Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен брифинге ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Гүлзат Көбенова мәлімдеді.


«Келесі аптада министрлік «Алтын белгі» иегерлері Ұлттық бірыңғай тестілеуден аз балл алып қалған мектептерді тексеруді бастап кетеді. Мектеп бітірушілер үшін бұл тексеріс ешқандай зиянын тигізбейді. Алайда заңсыздық анықталып жатса, мектеп басшылығы қатаң түрде жазаланады», - дейді Гүлзат Көбенова.


Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде «Алтын белгі» иегерлеріне қосымша 1487 грант бөлінетін болады. Ал жиында келтірілген мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылы оқу грантын бөлу байқауына 4360 «Алтын белгі» иегері қатысқан.


«Өзге абитуриенттер жоғары балл алып кеткендіктен, аталған 1487 бала негізгі тізімнен шығып қалған. Сәйкесінше, 1487 бала ҚР БҒМ мен Денсаулық сақтау министрлігінің қаржысы есебінен оқуға түсетін болады», - дейді Гүлзат Көбенова.


 




Көрілген: 1141    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.08.2017, 15:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31