ҰБТ

Оңтүстікте ҰБТ-ға арналған көмекші құралдар ашықтан-ашық сатылып жатыр

  • Шпрагалка сатушылар

    Шпрагалка сатушылар

Жетісайлық жігіттер әлеуметтік желі арқылы ҰБТ-ға арналған көмекші құралдарды ашықтан-ашық сатып жатыр. Егер 5 шпаргалка сатып алсаңыз, оны ҰБТ-ға қалай алып кіруді тегін үйретеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.


Біз осындай жарнама берушілердің бірінің ұялы телефонына хабарласып, Рысбай деген алып сатардан мән-жайды біліп көрдік.


«Ағылшын мен тарих пәні жоқ. Қалған сабақтың бәрі бар. Бағасы стандарт - 2500 теңге. Мен Өскемен, Шымкент қалаларына жауаптымын. Сол жаққа біразын жібердім. Өте керемет, ыңғайлы жасалған. Басқалар сияқты Қытайда емес, Жетісайда басып шығардық. Жеп-жеңіл. Қыздар санына қойып, сыртын скотчтап алады. Ұлдардікі басқаша. Егер 5 данасын алсаңдар, ішке қалай алып кіру керектігін жақсылап түсіндіріп беремін. Көлемі кішкентай, ойын картасы секілді», - деді Рысбай.



Рысбайдың сөзінше, шымкенттік жігіттер ҰБТ сұрақтарына жауап жазылған арнайы программа да құрастырып шығарған. Оны ұялы телефонға 500 теңгемен жүктеуге болады.



NUR.KZ әлеуметтік желідегі ҰБТ сұрақтарының саудалануына қатысты Астана қаласындағы Ұлттық тестілеу орталықтарына хабарласып, мамандардың пікірін де алдық.



«Жалпы шпаргалка мен сұрақтардың жауабын сатушылар білу керек, бұл - қылмыс. Ол мемлекеттік құпияны сату деген баппен қудаланады. Біз бұл жайттардың барлығынан хабардармыз. Осыған байланысты шара қолдансын деп құқық қорғау органдарына арыз жазғанбыз. Шыны керек, тест сұрақтары мен жауаптарын сатып жүргеннің барлығы алаяқ, олар Ұлттық тестілеу орталығының атын жамылып жүр. Біздің алаяқтармен ешқандай байланысымыз жоқ», - деді Ұлттық тестілеу орталығы ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Гұлнұр Ерсұлтанова. 




Көрілген: 1688    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.05.2017, 12:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30