ҰБТ

Павлодар облысында 239 түлек 100 баллдан жоғары нәтиже көрсетті

  • ©go.mail.ru

    ©go.mail.ru

2 маусым күні ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашы күні аймақтың 239 мектеп бітірушісі 100 баллдан жоғары (20,4%) нәтиже көрсетті. Бұл туралы Рavlodarnews.kz агенттігіне облыстық білім беру басқармасы мониторинг бөлімінің басшысы Роза Балтабекова хабарлады.


– Академик Қ.И. Сәтбаев атындағы инженерлік-техникалық институты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында Павлодар қаласы мен Лебяжі, Павлодар, Шарбақты, Успен аудандары, Екібастұз елді мекенінің түлектері жоғары оқу орнына грант ұтып алу үшін сынақ тапсырды. Алғашқы күні 1169 мектеп бітіруші өз білімін таразылап, тестілеудің орташа балы 80,1 ұпайды құрады, – дейді Р. Балтабекова.


Бөлім басшысының айтуынша, бірінші күннің үздік нәтижесі – 124 балл. Мұндай көрсеткішке қол жеткізген – дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының мектеп бітірушісі Жансая Раимова. «Жас дарын» мектебінің түлегі Адия Сәбит пен Лебяжі ауданы Абай атындағы орта мектебінің түлегі Камилла Беркімбаева 122 баллға ие болды. Сондай–ақ үш түлек 121 балл жинады. Олар – көп салалы мектеп-интернатының оқушысы Нияз Қасенов, Абай атындағы №10 лицей-мектебінің оқушысы Сартай Сағидолла, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушысы Рената Нұрмағанбетова, мамандырылған «Жас дарын» мектебінің оқушылары - Мадияр Айтымбет және Азиза Сүлейменова. Бірінші күндегі ең жоғарғы орташа балл «Жас Дарын» мектебінде - 108,52. «Алтын белгі» аттестатына 64 үміткердің 30-ы (46,9% апелляциясыз алғанда) өз білімдерін ақтаса, «Алтын белгі» аттестатына үміткер 4 түлекке білімдерін растауға 1 баллдан жетпеді.http://baq.kz


ҰБТ-ның қорытынды кезеңі 4 маусым күні болады.


baq.kz




Көрілген: 1574    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.06.2015, 11:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31