ҰБТ

Сағадиев қазақ тілін ҰБТ-дан алып тастады дегендерге жауап берді

  • © saby.kz

    © saby.kz

Бүгін Үкімет отырысының алдында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тілшілердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz.


"12 жыл бойы орыс мектептерінің түлектері қазақ тілін ҰБТ аясында тапсырып келсе де, оның нәтижелері есепке алынбады. Тіл білімін бағалау нәтижелері грантты алуға ықпал етпеді. Сонымен қатар мектеп түлектерінің бір бөлігі қазақ тілін тест негізінде емес, мектепте әзірленген билеттер бойынша тапсырды. ҰБТ екі кезеңге бөлінуі себепті және биылғы мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілін тапсыруы мақсаты қойылып отырғандықтан, атестатты алу үшін әрбір түлек емтиxан тапсырып, қорытындысы бойынша сәйкес бағасын алуы тиіс", - дейді Е.Сағадиев.


Оның айтуынша, түлектердің дені қазақ тілінде тапсыратындар екен.


"Жоғары оқу орнына барған кезде қазақ тілінде мектеп бітірген түлектер ҰБТ-ны қазақ тілінде алып отыр. Биылғы жылы олардың үлесі 80-85 пайыз көлемінде. Ал 15 пайызы бірыңғай тест ретінде қазақ тілін тапсыратын болады", - дейді министр.


 




 




Көрілген: 1442    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.03.2017, 11:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30