ҰБТ

Сағадиев тест төңірегіндегі жанжалды қалай шешуге болатынын айтты

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Ал үлкен даудан кейін Білім министрі дереу тығырықтан шығудың жолын іздей бастады. Бүгін Үкімет отырысында Ерлан Сағадиев грантқа түсуге болатын, яғни сұранысқа ие мамандандықтарды 3 жылға алдын-ала жариялауды ұсынды.


Бас мұғалімнің сөзіне сенсек, ата-аналар берілетін гранттың санын ескермей, экономист, заңгер сияқты мамандыққа жапа тармағай құжат тапсырады.


Мәселен, биыл програмистер дайындауға 610 грант бөлінсе, заңгерге небары 45 тегін орын бар. Жалпы медицинаға 2500 грант, сұранысқа ие тіс дәрігеріне 45-ақ грант қарастырылыпты.


Биыл 32 мың грантты сауатты бөле алмай, кейін тізімді қайта қарауға мәжбүр болған Білім министрі дауды шешудің бір жолын тауыпты. Ол еңбек нарығына тапшы мамандықтар тізімін үш жылға бірден бекітіп, бюджеттен ақша бөлгізу. Сонда талапкерлердің қандай мамандыққа түсуге ойлануға уақыты болады.


Алайда, Сағадиевтің жоспары әзірге сөз жүзінде ғана.


Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:


-Басымдық берілетін мамандықтардың гранттар тізімі кеш жарияланады. Бізде министрліктер мен әкімдіктерден кадр тапшылығы бойынша ақпарат жинау жүйесі тым күрделі. Талапкер қысқа мерзімді өз мүмкіндіктерін бағамдап, профильді пән таңдап та үлгермейді. 


ktk.kz




Көрілген: 1303    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.08.2017, 21:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30