ҰБТ

Сағадиев ҰБТ-ның болашақта қалай өзгеруі мүмкін екенін айтты

  • © Stan.kz

    © Stan.kz

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үкімет отырысы барысында педагогика ұжымы мен оқушылардың ата-аналарының ҰБТ мен кешенді тестілеуді біріктіруді қалайтыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі.


"Білім және ғылым министрлігіне бір жыл бойы педагогика өкілдері мен балалардың ата-аналарынан ҰБТ мен кешенді тестілеу емтихандарын жетілдіру жайлы, сондай-ақ, осы екі тестілеу бірдей функция атқаратындықтан оларды біріктіру туралы ұсыныстар түсті", - деді Ерлан Сағадиев.


"Екінші ұсыныс жайлы айтсақ, ҰБТ ЖОО-ға түсу үшін тапсырылатын емтихан, ал енді мектеп мұғалімдерін ҰБТ-ға дайындаудан босату мәселесі ұсынылды. Үшінші ұсыныс: жалпы мектептер түлектерді ҰБТ-ға дайындауы қажет емес, олар керісінше оларға мектеп бағдарламаларын оқытуы тиіс. Сондықтан да мектептерде тестілеу алынып тасталу керек. Төртінші - гранттар түлек қай тілде білім алғанын қарамастан бөлінуі тиіс. Бұдан бөлек тағы бірнеше ұсыныс бар. Мұның барлығы тамыз айында өтетін кеңесте жан-жақты талқыланады", - деді министр Сағадиев.


Премьер-министр де өз кезегінде жоғарыда айтылған ұсыныстардың таяуда талқыланатынын айтты.


"Биыл ҰБТ-да аса қиындықтар болған жоқ, барлығы штатты режимде өтті. Үлкен жұмыс атқарылды. Сағадиевке енді дәл осы деңгейде тағы да тестілеу өткізу қажет. Барлық айтылған ұсыныс тамыз айында мұғалімдердің кеңейтілген отырысы барысында талқыланады. Меніңше, келесі жылға басқаша дайындалатын боламыз", - деді Бақытжан Сағынтаев.


Еске сала кетейік, кеше, 6 тамызда биылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланған болатын.

 




Көрілген: 795    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.08.2018, 14:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31