ҰБТ

Сапарбаев ҰБТ тапсыратын түлектерге 15 минут қосып беруді сұрады

  • Сапарбаев ҰБТ тапсыратын түлектерге 15 минут қосып беруді сұрады

    Сапарбаев ҰБТ тапсыратын түлектерге 15 минут қосып беруді сұрады

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

  • Сапарбаев ҰБТ тапсыратын түлектерге 15 минут қосып беруді сұрады

    Сапарбаев ҰБТ тапсыратын түлектерге 15 минут қосып беруді сұрады

ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев елордада Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі ҰБТ-2015 пунктіне келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық бірыңғай тестілеу Қазақстанда 2 маусымда басталды. Сапарбаевтың айтуынша, 2015 жылдың алғашқы екі күнінің көрсеткіші 2014 жылғы нәтижеге қарағанда жоғары. Премьер-министрдің орынбасары аграрлық университеттегі үш аудиторияны да аралап шықты. Ол түлектерге сәттілік тіледі.



Сапарбаев ата-аналарға қарап: "Бүгін тестілеудің үшінші күні. Қазірге дейін түлектердің шамамен 20 пайызы 100-ден жоғары балл алды. 11 жыл бойы жақсы оқыған адам емтиханды да жақсы тапсырады. Мен бүгін олармен кездестім, бәрінің жағдай жақсы. Барлығы да жақсы тапсыруға тырысты. Сіздер де қобалжымаңыздар", - деді Сапарбаев.


"Біз бірнеше өзгерту енгіздік. Ең бастысы: аттестатқа баға қойған кезде ҰБТ балы да есептеледі. (...) Заңды, тәртіпті сақтаңыздар. Шпаргалка, ұялы телефон қолдануға болмайтынын айтсақ та, өкінішке орай бұл тыйылар емес. Бұл ешқандай пайда әкелмейді. Бәріңіз көріп тұрғандай, барлық аудиторияларға камера орнатылған, сіздер балаларыңыздың емтиханды қалай тапсырып жатқанын көре аласыздар. Үш жарым сағат жеткілікті", - деді ол.


Сапарбаев ұйымдастырушылардан тестілеуге 15 минут қосуды сұрады. Ол күле отырып: "Сапарбаев 15 минутымызды алды демеңіздер", - деді.


Ата-аналары, туыстары түлектерді қоршаудың сыртында күтіп тұр. Ғимараттың маңында мониторлар орнатылған, кадрдан ҰБТ-2015 емтиханының қалай өтіп жатқанын көруге болады.



Биыл Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуге 87 783 түлек қатысады. Тестілеу 165 пунктте өтеді. Емтиханды 62 385 түлек қазақ тілінде, 25 398-і орыс тілінде тапсырады.


kaz.tengrinews.kz

Автор: Әсемгүл Қасенова




Көрілген: 1567    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.06.2015, 16:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31