ҰБТ

Тестілеудің бірінші күнінде сынақтан сүрініп 30 балды әрең жинаған түлектер көп

  • youtube.com

    youtube.com

Петропавлда тестілеудің бірінші күнінде-ақ, сынақтан сүрініп отыз балды әрең жинаған түлектер көп болды. Тіпті, олардың арасында "Алтын белгі" үміткерлері де бар. Алғашқы нәтижелерді осы өңірдегі әріптесіміз Руслан Құсайынов тізбектеп көрген еді.


Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне шағыммен келгендер таңертеңнен апелляциялық комиссияның табалдырығын тоздыруда. Шағымдарымен келген түлектердің саны көп болғаны соншалық қабылдау комиссиясының ызасына тиіп үлгеріпті.


Кешегі нәтиже бойынша онға жуық түлек тіпті, отыз балды әрең жинапты. Олардың арасында «Алтын белгі» үміткерлері де болған. Ақпарат бойынша мектеп бітірушілердің жауабын тексеретін компьютерден ақау шыққан. Бір қызығы, қате нәтижелер 6097-шы нұсқа бойынша тапсырғандардың барлығында болыпты.


ЕЛЕНА КОНОПЛЕВА, бірінші жалпы білім беретін мектеп-лицей директоры:


Кеше кешкі сегізде оқушыларымыздың баллдары қайта саналды. Бірінші рет отыз балл жинады деп шықса, комиссия қайта тексеріп сексен екі балға жеткенін мәлімдеді. Осының нәтижесінде барлық оқушымыз да ұлттық біріңғай тестілеу тапсырып шықты.


Ал комиссия төрайымының сөзінше, түлектердің көбі үстінен бірнеше балл қосып алу үшін келіп жатыр. Бірақ қазіргі таңда елуге жуық оқушының ғана шағымы қабылданған.


МАРЖАНКҮЛ АЛПЫСБАЕВА, комиссия төрайымы:


Ана балаларға қосыпты. Сол үшін маған да қоса ма деп бәрі технический деп беріп жатыр. Ондай болмайды.


Десек те, білім басқармасындағылар алғашқы нәтижелерімен бөліспей отыр. Белгілісі бірінші күннің нәтижесі бойынша әзірге, жалғыз оқушы ғана 123 баллдық межені бағындырған. Ол қазақ - түрік лицейінің түлегі Айнұр Шарапова.



www.31.kz




Көрілген: 1436    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.06.2015, 08:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31