ҰБТ

Түркістан облысында 4 оқушының ҰБТ нәтижесі жойылды

  • © Sputnik / Анатолий Устиненко

    © Sputnik / Анатолий Устиненко

Түркістан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғалы бес күнде өңір оқушылары емтихан тапсырып, біліміне сай тиісті балл жинап жатыр, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Тестілеудің бес күнгі қорытындысы бойынша – 20508 оқушы ҰБТ тапсырса, ең жоғары 138 балды 3 оқушы, 137 балды 5 оқушы, 136 балды 9 оқушы жинаған. Бұл туралы білім басқармасы мәлім етті.


Олардың айтуынша, 4843 түлек 100 балдан жоғары жинаған. Жалпы тестілеудің қорытындысымен облыстың орта балы – 79,4 балды құрап отыр.


Бұдан бөлек, ҰБТ ережесін бұзғаны үшін 4 оқушы аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижесі жойылды дейді ведомства өкілдіктері.


Тестілеуге кіргізу кезінде ҰБТ қағида талаптары бұзылған жоқ, барлық бітіруші арнайы рамалы металіздегіштер арқылы өткізіліп, ұялы телефондары алынған.


Айта кетейік, облыс бойынша 2017-2018 оқу жылында 11 сыныпты 33765 оқушы бітірсе, оның ішінде 22417-сі ҰБТ тапсыруға өтініш берген.


26 маусым күні 2 ауданда 48 мектептен 1317 бітіруші ҰБТ тапсырады. Олар: Мақтарал, Сарыағаш аудандары.


Sputnik


 


 




Көрілген: 1935    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.06.2018, 09:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30