ҰБТ

ҰБТ-2016: қайта тапсыруға өтініштер 1-8 тамыз аралығында қабылданады

  • © 24.kz

    © 24.kz

Ұлттық бірыңғай тестілеуде қажетті балл жинай алмаған түлектерге қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз конференциясы барысында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Бөлебаева мәлімдеді.


«Ағымдағы жылы шекті деңгейден өте алмаған түлектер қайта кешенді тестілеуден өтуге құқылы. Аталған тестілеу түріне қатысу үшін өтініштерді қабылдауды ЖОО қабылдау комиссиялары 1-8 тамыз аралығында жүзеге асырады. Тестілеу 19-24 тамыз аралығында өткізіледі», - деді Л.Бөлебаева. 2016 жылғы ҰБТ-ның қорытындысы жайлы айтар болсақ, ҚР БҒМ мәлімдегендей, биыл республика бойынша орташа көрсеткіш - 81,2 балды құрап отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 79,4 балл болатын. «Байқағанымыздай, өткен жылмен салыстырғанда 1,8 балға артқанын көріп отырмыз. Бұл мектептердегі білім беру қызметінің және түлектердің жоғары оқу орындарына түсуге ынтасымен байланысты. Ең жоғары 125 балды биыл 19 бала жинады. 2015 жылы 5 мектеп түлегі ғана жинаған болатын. 100 балдан астам жинаған балалар саны 20% немесе 16565 түлек», - деді Л.Бөлебаева. Жалпы оның мәліметінше, ағымдағы жылғы 121 мың бітірушінің ішінде ҰБТ-ға қатысуға 87 мың түлек өтініш берген. Оның ішінде қазақ тілінде – 83330, ал 23984 бала орыс тілінде оқығандар. Тестілеуге 84079 мектеп бітіруші қатысты. «Тестілеу барысында шекті 50 балды 14252 түлек жинай алмады. 52982 баладан тыйым салынған заттар табылды. Жалпы ҰБТ ұйымдасқан деңгейде өтті», - деді Л.Бөлебаева. Оған қоса, «Алтын белгiні» биыл ҰБТ-ға қатысқан 4768 үміткердің 50%-ы растай алды.


 24.kz




Көрілген: 1753    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.06.2016, 12:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31