ҰБТ

ҰБТ-2016: Тестілеудің үш күнінде 125 балды 11 түлек жинады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР БҒМ 2016 жылғы 2-4 маусымда өткен ҰБТ нәтижесін жариялады.


Баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2 және 4 маусым күндері өткізілген тестілеуге 58343 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде - 42186, орыс тілінде - 16157 бітіруші.


Тестілеу үшінші күні 70 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.


Тестілеудің үш күнінде мүмкін болған 125 балды 11 бітіруші жинады:


- Матқалиева Динара Маратқызы, «Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» (Алматы қ.);


- Мейірханова Аружан Ерланқызы, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы қ.);


- Оспанова Рамзия Рамазановна, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы қ.);


- Мұхаметқали Еркежан Досенқызы, «№175 гимназия «Жаңа ғасыр» (Алматы қ.);


- Махамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы, «№169 мектеп-лицей» (Алматы қ.);


- Беркінова Ақнұр Нұрболовна, «Қаратөбе мектеп-гимназиясы» (Батыс Қазақстан облысы);


- Болат Кәмшат Болатқызы, «№17 Семей жалпы орта білім беру мектебі» (Семей қ.);


- Ержанов Нұрасыл Ержанұлы, «№72 мектеп-лицей» (Астана қ.);


- Исмаилова Дана Сүйіндікқызы, «Қашыр ауданының Тереңкөл а. Х.Оспанов атындағы №3 ЖОББМ» (Павлодар обл.);


- Маратова Ақерке Маратқызы, «Абай атындағы орта жалпы білім беру мектебі» (Шығыс Қазақстан облысы);


- Усин Әділ Қуатұлы, «Қызылқақ ЖОББМ» (Павлодар обл.).


Тестілеудің үш күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзғандары үшін 31 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:


- ұялы байланыс телефондарын пайдалану - 13 бітіруші;


- емтихан материалдарын бүлдіру - 1 бітіруші;


- сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру - 17 бітіруші.


Келесі кестеде ҰБТ-ның тестілеу күндері бойынша қысқаша нәтижелері келтірілген:



Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.


Апелляцияға өтінішті беру барысында бітірушінің әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.


Тестілеудің екі күнінде Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 279 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 60 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы қолданған тест тапсырмаларының 0,5%-н құрайды. Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілінен, математика және Қазақстан тарихы пәндерінен болды.


Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі:


- әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы;


- техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер.


Сонымен қатар, шектік деңгейден өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-сі мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.


ҚазАқпарат 




Көрілген: 1321    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.06.2016, 10:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31