ҰБТ

ҰБТ-2018: "Алтын белгі" иелеріне қандай басымдық беріледі?

  • © kazbilim.kz

    © kazbilim.kz

Елімізде Ұлттық біріңғай тестілеу алдында шпаргалка сататындар көбейген! Алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін не істеу керек? Бүгін Білім министрлігі талапкерлерге кеңес берді. Бірақ, ҰБТ-ны тапсыру ережесі өзгеріссіз қалып отыр. Сонымен бөлінетін грант саны қанша? «Алтын белгі» иегерлеріне биыл басымдық беріле ме?


ҰБТ жақындаған сайын тест саудасының көркін қыздырғандар көп. Бірақ, оларды ұстап жауапқа тарту қиынға соғып тұрған секілді. Өкініштісі осы алаяқтарға алданып жатқан ұл-қыздар жетерлік.Мәселен, міне интернетте тест жауаптарын сатамын деген жарнамадан көз сүрінеді. Бағасы қатты қымбат емес. Бір пәннің шпаргалкасы 5 мың теңгенің шамасында. Бірақ, сатып алынған жауаптар түлектерге сынақ кезінде бал әпермейтіні анық. Өйткені, Білім министрлігі сауалдардың басым бөлігі жаңартылған деп отыр. Яғни, базада былтыр 40 мың сұрақ болса, биыл оның саны 119 мыңға жеткен. ҰБТ кезінде тек осы жаңартылған сауалдар болмақ.


РАМАЗАН ӘЛІМҚҰЛОВ, ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


-Ешқашан ҰБТ-ның дұрыс сұрақтары сатылмаған. Сатылмайды да. Өйткені, бұл мемлекеттік құпия заңына жатады. Оның құпиялық режимін, тестілеу орталығы ғана емес, Білім министрлігі мен құзырлы орындар қарап қадағалап отырады.


Дәл қазір осы сынақты 100 мыңға жуық түлек тапсыру үшін өтініш беріп үлгерген. Олардың көбі яғни, 73 мыңы қазақ тілінде тапсыруды қалапты. Айта кетерлігі, биыл ҰБТ-сұрақтарына ағылшын тілінде де жауап беруге болады. Бірақ, ол үшін ұл-қыздардың өзі соны қалап, өтініш жазуы керек. Оның үстіне былтырғы үлкен даудан кейін Білім министрлігі «Алтын белгі» иегерлеріне конкурс кезінде берілетін басымдықты қайтарып беріпті.


АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:


-Мәжілісте де, Сенаттың отырысында да депутаттар осы нормаға дауыс берген болатын. Сондықтан енді басымдық тек қана ұпайлары бірдей болғанда ғана берілетін болады. Тек осы жағдайда «Алтын белгі» иегерлері басымдыққа ие болады.


Ал, түлектер үшін басты сынақ ҰБТ биыл маусымның 20-сынан басталады. Одан мүдірмей өтіп, жоғары ұпай алғандар үшін биыл қосымша 20 мың грант бөлінген. Көбі техникалық салаға. Сондықтан, министрліктегілер, тестілеу кезінде пән таңдарда физика мен химияға көңіл бөлуге кеңес берді.


ktk.kz


 




 




Көрілген: 1264    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.05.2018, 09:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31