ҰБТ-2022: әрбір тест тапсырушыны екі камера қадағалайды

03 ақпан 2022, 20:44

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ-ның дайындық тестінің құнын төмендетуді тапсырып, емтихан тапсыруда түлектердің үстелдеріне қосымша камера орнатылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Министр биыл қауіпсіздікті, сондай-ақ, тестілеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін жаңа тәсілдер енгізіліп жатқанын айтты.

"Жаңалықтардың бірі - қосымша камера орнату. Бұған дейін бір камера болса, қазір екінші камера орнатылады, ол жеке басын сәйкестендіреді. Сонымен қатар, белгілі бір уақыт өткеннен кейін компьютерде кім отырғанын тіркейді", - деді министр аппараттық кеңес барысында.

Сондай-ақ, министр сынақ тестінің бағасын апта ішінде екі есеге төмендетуді тапсырды.

"Тестілеудің өзі тегін, ал сынақ тесттері ақылы өтеді. Сынақтардың белгіленген бағаларын өзгерту қажет. Сондықтан бүгін тестілеудің барлық осы түрі бойынша құнды екі есе төмендетуді тапсырамын. Бір апта ішінде бұл шешімді жүзеге асырып, баяндау қажет", - деді ол.

Tengrinews.kz.