ҰБТ

ҰБТ: 3400-ден астам түлек төменгі шекті балды жинай алмады

  • © qazaquni.kz

    © qazaquni.kz

Елімізде өтіп жатқан Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы легінде 3400-ден астам түлек ең төменгі балды еңсере алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бүгін елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҰБТ-ның бірінші күніндегі нәтижелер қорытындыланды.


ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаевтың айтуынша, ҰБТ-ның алғашқы күнінде республика бойынша 12 772 түлек бақтарын сынаған.


«Жалпы бірінші лекте тест тапсыруға 13068 түлек өтініш берді. Соның 97 пайызы сынаққа қатысты. Оның ішінде 11 361 түлек - қазақ тілінде, 1411 түлек - орыс тілінде. ҰБТ еліміздің 6 өңірінде өтті. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы және Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарында барлығы 39 тест тапсыру бекеті жұмыс істеді», - деді министрлік өкілі.


Әділет Тойбаевтің сөзінше, биылғы тестілеудің қорытындысы бойынша мектептер мен өңірлердің орташа көрсеткіші есептелмейді және рейтингі құрылмайды.


«Министрдің Үкімет отырысында ҰБТ нәтижелерін рейтингтерге қоспау ұсынылғанын білесіздер. Жергілікті әкімдіктер арасында негізсіз бәсеке болмау үшін осындай қадамға барып отырмыз. Өйткені, ҰБТ нәтижесі қандай да бір рейтинг түзу үшін өткізілмейді. ҰБТ-ның шектік деңгейінен сүрінбей өткен түлектер саны - 9338. Бұл 76,5 пайыз деген сөз. Ал шектік балды жинай алмаған түлектер саны - 3434», - деді департамент басшысы.


Айта кеетйік, 20 маусым күні Қазақстанда мектеп түлектерінің алғашқы легі Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруды бастады.


Мемлекеттік білім грантынан үмітті жасөспірімдер 20-30 маусым аралығында бақ сынай алады.


 




Көрілген: 654    Пікірлер: 0

жұма, 21.06.2019, 17:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31