ҰБТ

ҰБТ: Алғашқы күннің нәтижелері белгілі болды

  • youtube.com

    youtube.com

Ұлттық біріңғай тестілеудің алғашқы күні түлектерден 8 000-ға жуық тиым салынған заттар тәркіленген. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Емтиханға жасырын алып кірмек болған 3 727 ұялы телефон, 3 894 шпаргалка, 5 рация, 12 роутер мен модем алынған. Сондай-ақ 27 мектеп бітіруші аудиториядан мүлдем шығарылған.


Тестілеу талаптары негізінен Оңтүстік Қазақстан және Алматы облысында бұзылған. Тіпті бұл өңірлерде тест тапсырушы түлектердің орнына өзге адамдар кірмек болғаны да белгілі болды. Жалпы алғашқы күні мектеп бітіруші 18 889 бала тестілеуге қатысты.


Олардың ішінде 50 баллдан төмен жинағандардың саны 3 478. Ал тараздық оқушы Гүлнәз Ердосова ең жоғарғы 125 балды еншіледі. Сынақ 8 маусымға дейін жалғасады. Еліміз бойынша биыл мектеп бітіруші түлектердің 71 пайызы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берген.



khabar.kz




Көрілген: 1670    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.06.2015, 14:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31