ҰБТ

ҰБТ: білім министрі халықты сақ болуға шақырды

  • © Informburo.kz

    © Informburo.kz

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ҰБТ кезінде алаяқтарға алданып қалмауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Білім министрі ҰБТ-ның сұрақтары мен жауаптары заңды түрде мемлекеттік құпияның қатарына енгізілгенін атап өтті.


"Сондықтан тест жауаптарымен қолға түскендердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, заң алдында жауап береді", - деді Шәмшидинова үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, тест жауаптарын сату мүмкін емес, себебі ол біреудің қолында жүретін дүние емес.


"Халық сақ болуы керек, себебі неше түрлі алаяқтар бар. Мен Назарбаев зияткерлік мектептерінде жұмыс істегенімді білесіздер. Сонда бұл туралы жылда айтылады: түспей қалса, қолымнан келген жоқ деп ақшасын қайтарып береді екен, ал түссе, мен көмектестім дейді екен. Шын мәнінде ол мүмкін емес", - дейді министр.


Шәмшидинова тест кітапшалары шығарылатын жерлерде 24 сағат бойы бейнебақылау камерасы жұмыс істейтінін айтты.


"Камера бір секунд та тоқтамайды. Ол жерге кім барып, не алғанын біз біліп отырамыз. Егер бірдеңе шығатын болса, нақты аты-жөнін айтамыз. Сондықтан халықтың өзі сақ болуы керек", - деп ескертті ведомство басшысы.


 




Көрілген: 620    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.04.2019, 19:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30