ҰБТ

ҰБТ-да жоғарғы балл жинаған түлектің нәтижесі жойылды: Миниcтрлік себебін айтты

  • https://www.inform.kz/kz

    https://www.inform.kz/kz

Білім министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Дидар Смағұлов Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинаған түлектің нәтижелері не себепті жойылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

“Оқушы қыздың орнына тестілеуге бсқа адам келгені анықталды. Бізде баланың тестілеуге кірмегені, оның орнына басқа адамның тест тапсырғанына қатысты дәлелдер бар”, – дейді Ұлттық тестілеу орталығының басшысы.

 

Дидар Смағұлов ҰБТ нәтижелерін жою күрделі мәселе екенін айтты. Мұндай шешімді арнайы комиссия қабылдайды.

 

Бұған дейін Түркістан облысының Тамерлан ауылының оқушысы ҰБТ нәтижелері жойылғаны белгілі болды. Мектеп оқушысы алдыңғы тестілеумен салыстырғанда өте жоғары балл жинаған.

 

Биылғы жылы электронды ҰБТ-ны енгізуге байланысты білім министрлігінің басшысы ұлттық тестілеу нәтижелеріне бақылауды күшейтуді бұйырды.

 

Биыл Қазақстан тарихында тұңғыш рет Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматта өтіп жатыр.

 

Тестілеудің адал өтуін Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекіткен көп сатылы киберқауіпсіздік жүйесі бақылайды.

 

Сонымен бірге түлектер ҰБТ-ны екі рет тапсырып, білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік алады.

 

 

 




Көрілген: 377    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 12:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Қаңтар, 11:16
    ҰБТ тапсыру басталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30