ҰБТ

ҰБТ-да төмен нәтиже көрсеткен алматылық мектептердің аты аталды

  • © saby.kz

    © saby.kz

Бүгін Алматыда білім беру саласы мамандарының тамыз кеңесі өтіп жатыр. Жиын барысында қалалық Білім беру басқармасының басшысы Рахат Шимашева қаладағы білім беру саласындағы жетістіктер мен олқылықтар туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат .


Оның айтуынша, ҰБТ қорытындысы бойынша Алматы биыл да республика бойынша көш бастап тұр. Қала түлектерінің жинаған орташа балы 97,5 болып отыр. Бұл республикалық көрсеткіштен 17 балға артық.


Сонымен қатар, басқарма басшысы биыл ҰБТ-дан төмен нәтиже көрсеткен мектептерді де атады.


Оның айтуныша, жалпы алғанда 279 түлек шекті балл жинай алмады.


«192-мектепте 30 түлектің 12-сі шекті балды жинай алмады. 81-гимназияда - 10 оқушы, 141-гимназияда - 6, 185-гимназияда 6 оқушы шекті көрсеткішке қол жеткізе алмады», - деді басқарма басшысы.


Рахат Шимашева аталған мектеп басшыларына білім беру сапасын күшейтуге, әр пән бойынша кешенді талдау жүргізуге, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға ұсыныс берді.


Ал, биылғы оқу жылында ҰБТ кезінде үздік нәтиже көрсеткен мектептер қатарында 140, 90, 39, 92, 175 мектептер аталды.


Қалада 16 түлек максимал 140 баллдың 135-139 балл аралығында жинаған.


 




Көрілген: 1190    Пікірлер: 0

жұма, 25.08.2017, 14:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30