ҰБТ

ҰБТ-ға қатысты жаңа жоспар

  • https://inbusiness.kz/

    https://inbusiness.kz/

Білім және ғылым министрлігі елде коронавирусқа байланысты жағдай ушықса, ҰБТ өткізудің жаңа жоспарына көшеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов Қазақстанда қашықтықтан оқытуды дамытуға арналған онлайн-конференция кезінде биыл тестілеу әдеттегі мерзімде өткізілетінін айтты. Министр сынаққа дейін карантин аяқталатынына үміттеніп отырғанын жеткізді.

 

"Ұлттық бірыңғай тестілеу маусым соңы мен шілденің басында өткізіледі. Жылдағыдай форматта өткізуге дайындалып жатырмыз, әрине, бірқатар шектеу шаралары қолданылады. Алайда бұған қарамастан, біз қазір коронавирус пен карантинге байланысты қосымша жоспар да әзірлеп жатырмыз", - деді министр.

 

Бұған дейін министрлік ұлттық бірыңғай тестілеу жыл сайынғы форматта өтетінін бірнеше мәрте мәлімдеген болатын.

 

Пандемияға байланысты қазақстандық оқушылар төртінші тоқсанды қашықтықтан оқып жатыр. Оқушылардың қорытынды бағасы оқу жылындағы бағаларға сәйкес қойылады, емтихан болмайды.

 




Көрілген: 192    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.04.2020, 10:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30