ҰБТ

ҰБТ-ға қатысты жұртшылық тарапынан ұсыныстар түсіп жатыр

  • http://novoetv.kz

    http://novoetv.kz

Үкімет отырысының күн тәртібіне шығарылған тақырыптың бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеудің және оқуға түсу емтихандарының қорытындылары.


Министр Сағадиевтің айтуынша, 2017 жылға дейін тестілеу екі функция атқарып келсе, биыл оқушылар алдымен мектепті бітіру емтиханын тапсырып, бірыңғай тестілеу тек оқу гранттарын алуға мүмкіндік беретін сынақ ретінде ғана қарастырылды.


Оған 98 мыңнан астам түлек қатысты. Орташа көрсеткіш 83 балды құраған. Шекті деңгейден 84 мың түлек өтті.


30 мыңға жуық тест тапсырмалары жасалды. Тапсыру қорытындысы бойынша 243 апелляциялық өтінім келіп түскен, оның 101-і қанағаттандырылды.


82 мыңнан астам тыйым салынған заттар және 28 мың қағаз жүзінде көмекші құралдар тәркіленді.


Республикалық комиссия өз жұмысын аяқтап, кеше грант иегерлерінің тізімі жарияланды.


Жұртшылық тарапынан түскен ұсыныстар бар. Мысалы ендігі жерде мектептерде сынама тестілеу жүргізілмей, олар тек өздеріне тиесілі бағдарламаны орындаса деген тілек айтылды.


«Рейтинг жасалмайды, әкімдер осыны ескеруі тиіс», - деді министр.


Айтпақшы өңір басшылары қосымша грант ұсынады. Олардың жалпы саны 2700 шамасында.


24.kz


 




Көрілген: 721    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.08.2018, 12:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30