ҰБТ

ҰБТ нәтижесін үйде отырып қалай білуге болады?

  • © kaz.caravan.kz

    © kaz.caravan.kz

2 маусым күні елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Осыған орай тест тапсыру орталықтарында сынақ аяқталғаннан кейін де нәтиженің жариялануын күтіп жүрген адамдарды көруге болады. Олар түлектердің нәтижелерін ҰБТ-ның ресми сайты арқылы үйде отырып-ақ оңай әрі жылдам білуге болатынынан бейхабар болса керек.

ҰБТ нәтижесін үйде отырып білу үшін интернет болса жеткілікті. Ол үшін мына сілтеме арқылы өтіп" (https://res.testcenter.kz/#/login/2016/9), ЖСН нөмірі мен қатысушының емтихан алдында алған жеке кодын теру қажет.


Маусымның 2-сі мен 9-ы аралығында өтетін сынаққа қатысуға биыл мектеп бітіруші 121 мың баланың 87 мыңы ниет білдірген. Оның ішінде 63 мың мектеп бітіруші - қазақ тілінде, қалған 24 мыңға жуығы орыс тілінде білімін сынайды.


Айта кетейік, биыл қазақстандық түлектер ҰБТ-ны соңғы рет дәстүрлі жүйеде тапсырып жатыр. Тест 10 маусымға дейін созылады.


kaz.caravan.kz

 




Көрілген: 3164    Пікірлер: 0

жұма, 03.06.2016, 11:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30