ҰБТ

ҰБТ-ны қайта тапсыру қанша тұрады?

  • Atameken Business Channel

    Atameken Business Channel

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуден қайта өту және ЖОО-ның ақылы бөліміне түсу үшін кешенді тестілеуден өтуге құжаттарды қабылдау кезеңі өтіп жатыр.


15 және 19 тамыз аралығында ҰБТ мен кешенді тестілеуді (КТ) ақылы тапсыруға болады, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.


ҰБТ мен КТ сынақтарын кім тапсыра алады?


Шектік балл жинай алмаған түлектер;

ҰБТ нәтижесі жойылған түлектер;

ҰБТ-ға қатыспаған түлектер.

 


ЖОО-да комиссиялар 25 шілде мен 3 тамыз аралығында өтініш қабылдайды.


Екінші рет ҰБТ және КТ сынақтарын талапкерлер қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде тапсыра алады.


ҰБТ мен КТ қандай пәндер бойынша жүргізіледі?


Қазақстан тарихы;

Математикалық сауаттылық;

Оқу сауаттылығы (білім алған тіл бойынша);

Екі бейінді пән.

Тестіні ағылшын тілінде тапсырғанда, түлек "Қазақстан тарихы" пәні бойынша сынақты қазақ немесе орыс тілінде орындауы тиіс.


ҰБТ және КТ тапсыру қанша тұрады?


ҰБТ-ны қайта тапсыру және КТ бағасы 2242 теңге, бұл соманы талапкерлер Қазпошта бөлімі немесе Халық банкі арқылы төлеуі тиіс.


Қандай құжаттар тапсыру керек?


Арнайы үлгідегі өтініш;

Жалпы орта білімі туралы аттестат немесе техникалық және кәсіби (бастапқы немесе орташа кәсіби, орташадан кейінгі) білімі туралы диплом (түпнұсқа);

Тестілеуге қатысу ақысын төлеу туралы түбіртек;

Екі 3x4 сурет;

086-У формасындағы медициналық анықтама;

Жеке куәлігінің көшірмесі.


Sputnik


 




Көрілген: 884    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.07.2018, 15:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30