ҰБТ

ҰБТ-ның алғашқы күні қорытындыланды: есінен танып, залдан қуылғандар кім?

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-ның бірінші күнін қорытындылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Ең жоғары балл – 137


ҰБТ-ның алғашқы күні Қазақстан бойынша 13 897 түлек сынақ тапсырды. Республика бойынша орташа балл 80,9 балды құрады, былтыр бірінші күннің нәтижесі бойынша 77,5 процент болған еді. Орташа балл республика бойынша 4 процентке жоғарылады.


11 795 түлек немесе ҰБТ тапсырғандардың 84,8 проценті шекті 50 балдан жоғары жинады. Ал 2102 бала шекті балл да ала алмаған.


Ең жоғары балл 137 болды.


Ағылшын тілінде тапсыруға өтініш білдірген түлектер саны – 46, кеше соның біреуі Алматыдағы ҚазҰУ-де ҰБТ тапсырып, 81 балл жинады.


Оңтүстіктегі пунктердің бірінде бір түлек ҰБТ өткізу ережесін бұзғаны үшін аудиториядан қуылып, сынақ тапсыра алмады.



Call-орталыққа 105 сұрақ түсті


Биыл алғаш рет Call-орталық іске қосылды. Нөмірі 8-800-080-71-77.


Ол жылдам ақпарат алмасып, туындаған проблемаларды шешуге көмектеседі.


ҰБТ-ның алғашқы күнінде Call-орталыққа 105 сұрақ түсті. Оның дені ата-аналардан. Қойылған сұрақтардың басым бөлігі ҰБТ ережелеріне қатысты.


Түлектер ҰБТ нәтижесін қайдан көп қарады?


Тестілеу нәтижесін бұрынғыдай Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан білуге болады. Сонымен қатар биыл Telegram көмегімен де білуге мүмкіндік бар. Ол үшін әр түлек өзінің жеке кодын (ИКТ,индивидуальный код тестируемого) енгізуі шарт.


Кеше телеграм-каналға 23 мыңдай түлек тіркелген, нәтиже сұрауы 196 мыңды құрады. Бұған қоса edu.mail.ru сайтында кіргендер саны 14 мың, визит – 21 мың, қаралу – 186 мың.


"Тест нәтижесін қарау бойынша ешқандай проблема туындаған жоқ. Оның үстіне түлектер өз балын ұлттық тестілеу орталығының сайтына кіріп, қайтадан тексеріп алды", — деді орталық директоры Рамазан Әлімқұлов.


2 балаға медициналық көмек қажет болды

Қазақстан бойынша 2 түлек дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Біріншісі Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болған. Жылқыбай Арыстан есімді түлек ҰБТ кезінде есінен танып қалды. Жедел жәрдем көлігі келгенше, пунктегі медициналық қызметкерлер тиісті көмек көрсетті. Кейін оны жедел жәрдем дәрігерлері алып кетті. Мемлекетік комиссияның шешімімен ол ҰБТ-ны келесі топпен тапсыратын болды.


Есінен танған екінші бала ОҚО, Сарығаш қаласында тұрады. Медициналық қызметкерлердің көмегінен кейін бала жарты сағаттан кейін есін жиған. Сөйтіп ҰБТ-ны жалғастыруға бел буған.


"Ол түлегіміз сынақты жақсы тапсырып шықты", —деді Әлімқұлов.



50 балл жинай алмаған екі мың түлек не істейді?


"Жаңа форматтың ерекшелігі сол, түлектер ҰБТ-дан өтпей қалса, тамыз айында қайта тапсыра алады. Егер тамызда да тиісті балл жинай алмаса, онды қыркүйекте жоғары оқу орнына бір семестрге ақылы түрде түсуге мүмкіндігі бар. Бір семестрден кейін қаңтар айында үшінші рет тапсыра алады", — деді орталық директоры.


Айта кетсек, биыл 102 447 мың түлек ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Оның ішінде 77 223 оқушы қазақ тілінде, яғни 75,4%-і, 25 178 түлек – орыс тілінде, 24,6%, 46-сы ағылшын тілінде тапсырады.


ҰБТ 167 пункте өтеді, оның 48-і жоғары оқу орындарының базасында, үшеуі – колледжде, 116-сы орта мектептерде орналасқан. ҰБТ өткізу кезінде 1206 аудитория жұмылдырылады. Барлық аудитория 100 процент дайын. Бейнекамералармен, ұялы телефон байланысын басатын құрылғылармен, металл детекторлармен жабдықталған.


ҰБТ форматы еш өзгерген жоқ, бес пәннен тұрады. Үшеуі – міндетті, екеуі таңдау пәні. Барлығы 120 сұрақ, түлектер үшін 140 балл жинау мүмкіндігі сақталады.


ҰБТ 3 сағат 50 минутқа созылады.


 


 


 




Көрілген: 1641    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.06.2018, 14:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30