ҰБТ

ҰБТ-ның жаңа форматы қандай болады?

  • © WapZet.Com

    © WapZet.Com

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы жаңарды. Биылдан бастап түлектер емтиханды екі рет тапсырады: олар – қорытынды және жоғары оқу орындарына түсу емтихандары. Baq.kz тілшісінің биылғы ҰБТ жүйесіндегі өзгерістер туралы ресми сауалына ҚР Білім және ғылым министрлігі осылай жауап берді.


«Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны болып табылады. Осыған байланысты ҰБТ-ның жетілдірілген форматы емтиханды екі рәсімге бөліп өткізуді көздейді: мектеп түлектерінің қорытынды аттестатциясы және жоғары оқу орындарына түсу емтихандары. Бұл ретте талапкердің алдағы уақытта білім алуға қабілетін, логикалық ойлау деңгейін, базалық құзыреттілігін (функционалдық сауаттылық) анықтауға бағытталған тестерді көбейту жоспарлануда. Логикалық тестерді кеңінен қолданған жағдай жаттап алудың еш мәні болмайды, түлектер нақты білім мен оны қолдану дағдыларын үйренеді», -дейді ҚР БҒМ баспасөз хатшысы Әйгерім Әлібекова.


Білім министрлігінің хабарлауынша, жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын 2 блокпен өткізу жоспарлануда. 1-блок – Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілінде). 2-блок – мазмұны мамандықтың ерекшелігіне бейімделетін 2 бейіндік пән.


Қазақстан тарихы бойынша тест тапсырмаларының саны – 20, математикалық сауаттылық бойынша – 20, оқылым сауаттылығы бойынша – 20, әр бейіндік пән бойынша – 30. Жалпы алғанда, тапсырмалардың саны 120 болса, максималды баға – 140 балл. Бұл ретте ең төменгі шекті көрсеткіш 50 балды құрайды.


«Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының қысқартылған оқу мерзіміне түсетін түлектері үшін де тестілеу жүйесі өзгереді. Яғни, олар да жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын 2 кезең бойынша тапсырады. 1-блок – мамандықтар тобы үшін жалпы пән; 2-блок – бейіндік пән», - деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.


Мұндай білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін жалпы пән бойынша 20, ал бейіндік пән бойынша 40 тест тапсырмасы беріледі. Жалпы алғанда, тапсырмалардың саны 60 болса, максималды баға 70 балды құрамақ. Осылайша, төменгі шекті баға 35 балл болады.


Айта кетейік, 2012 жылдан бері техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері тестілеуді мектеп пәндері бойынша тапсырып келді.




 




Көрілген: 1915    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.02.2017, 17:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30