ҰБТ

ҰБТ сұрақтарының мазмұны өзгереді

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Алдағы уақытта ҰБТ форматы емес, ондағы сұрақтардың мазмұны өзгереді. Олар жаттауға емес, ойлау, талдау қабілетіне бағытталады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдарының республикалық форумында мәлімдеді.


«Маңызды мәселе – тестілеудің өзгеруі. Бұл ҰБТ мен ОЖСБ-ға қатысты. Педагогтар бізге «жаңартылған білім мазмұнында жаттамау керек, функционалды сауаттылықты, білімді қолдану мен ойлау қабілеттерін арттыру қажет деп айтасыздар. ҰБТ, ОЖСБ өткізген кезде сұрақтарыңыз көбінесе есте сақтауға, ақпаратты жаңғыртуға арналған» деген орынды сқрақтар қояды. Сол себепті Мемлекет басшысының тапсырмасына сай тестілеудің форматы емес, сұрақтар мазмұны өзгеретін болады. Олар «қашан? қай жылы?» деген сұраққа емес, «қалай? не үшін?» деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Бізге балалардың ойланып, білімін пайдаланып, талдай білгені қажет. Сол себепті форматы емес, тест сұрақтарының мазмұны өзгереді», - деді вице-министр.


Осыған дейін Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов форум барысында оқушылар мен мұғалімдердің жүктемесін азайту, сондай-ақ мектеп психологтарының санын көбейту туралы айтқан болатын.


BAQ.KZ


 




 




Көрілген: 817    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.11.2018, 14:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30