ҰБТ

ҰБТ тапсырған оңтүстіктегі бір оқушының жауабы жойылды

  • © qazaquni.kz

    © qazaquni.kz

Қазақстанның оңтүстік өңірінде ҰБТ тапсырған бір оқушының жауабы жойылды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКҚ директоры Рамазан Әлімқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


«Қазақстанның қай аймағында екенін атап көрсетпей-ақ қояйын, алайда оңтүстік өңірдегі бір оқушының жауабы жойылды. Жалпы, оқушының жауабы бір ғана жағдайда жоққа шығарылады, егер ол ҰБТ тапсыру ережесін бұзса, оның жауабы қабылданбайды», - деді Рамазан Әлімқұлов.


Сонымен қатар, Ұлттық тестілеу орталығының директоры тестілік сұрақтардың әлеуміттік желіде жариялануына байланысты түсініктеме берді.


«Өкінішке қарай, тестілік сұрақтар суретке түсіріліп, жарияланды. Алайда, осы ретте, бір мәселені баса айтқым келеді. Тестілеу барысында қандай оқушы болсын ол тестілеу сұрақтарын жариялай алмайды. Алайда тест тапсырып шыққан оқушылардың әлеуметтік желілерде өз тапсырмаларын жариялап жатқан жағдайлар тіркеліп жатқаны рас. Олардың берілген тапсырманы қашан және қалай сүретке түсіріп үлгергенін білмейміз», - деді ол .


Оның айтуынша, тестілеудің онлайн-көрсетілімін 15 дата-орталығы және 3 млн бейне камерасы бар халықаралық компания қамтамасыз етуде.


«Бүгінде халықаралық компания онлайн көрсетілімді қамтамасыз етуде. Рас, кей жерлерде кеше бұл онлайн-көрсетілім лайықты түрде жүргізілмеді. Сондықтан, бүгін біз осы олқылықтар қайталанған жағдайда онлайн көрсетілімді өзіміз жалғастыратындай етіп жағдай жасап қойдық», - деді Рамазан Әлімқұлов.




 




Көрілген: 3013    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.06.2018, 12:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30