ҰБТ

ҰБТ тапсыру пункттерінде аппеляциялық комиссияның 1800 мүшесі жұмыс істейді

  • © Tengrinews

    © Tengrinews

Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу 16-рет өтеді. Бірақ биылғы түлектер сынақты 4 рет тапсыра алады. Сөйтіп, ақылы негізде жоғары білім алуға мүмкіндік бар.


Ал мемлекеттік гранттан үміттілердің білім-деңгей қандай? Оны уақыт көрсетеді.


Икрам Сайдалимов Елордадағы 2 гимназияның түлегі. Мектепті үздік бітіріп, «Алтын белгі» иегері атанды. Қазір ҰБТ-ге дайындалып жүр. Жас түлектің жүзінен қобалжу байқалады. Себебі болашақ ай ти маманы үшін бұл жауапты сәт. Оның мақсаты мемлекеттік грантты жеңіп алу.


Икрам Сайдалимов, мектеп түлегі:


- Физика пәнін таңдап отырмын. Күзден бері ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты күшейттім. Сынақ алдында қобалжып жүргенім рас. Себебі оқуға түсерім-түспесім осыған байланысты ғой. Мемлекеттік грантты жеңіп алу үшін 100-ден жоғары ұпай жинауым керек.


Иә, мемлекет ұсынған грантты алу үшін маусымдағы тесттің маңызы зор. Себебі қаңтар, наурыз, тамыз айларында сынақ тапсыратындар тек ақылы негізде білім ала алады. Бұл биылғы жылдың жаңалығы.


Жоғары білімді өз қаржысымен игеруге ниетті колледж түлектері тестілеуден босатылады.


Шетелдегі қандастарымыз да квота арқылы Қазақстанда мамандық игеруге құқылы.


Жалпы биыл 53785 грант сарапқа салынады.


Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:


- Гранттар биылғы жылы да, алдыңғы жылы да техникалық мамандықтарға бөлініп отыр. Гуманитарлық сала да көрініс тауып отыр. Биылғы жылы дефектологияға көп грант бөліп отырмыз. Нарықты зерттеп осындай жұмысты жүргізіп отырмыз.


Тағы бір жаңалық. Енді халықаралық сертификат иегерлері ағылшын тілін тапсырмай-ақ жоғары балл алады. Ал шығармашылық саладан басқа мамандыққа ауысуға ниет білдірген студент негізгі пән бойынша ҰБТ тапсыруға міндетті.


Жиыны 169 тест тапсыру пунктінде 1800 аппеляциялық комиссия мүшесі жұмыс істейді.


Тұрақты Ынтымақ, Ұлттық тестілеу орталығы директорының кеңесшісі:


- 7080 бала емес, оның ата-анасы бар, оның туған-туыстары бар. Олар 7000-ға жуық мектептің түлектері. Оған министрлік жағынан үлкен көңіл бөлінуде. Әрине бұл дұрыс өтуі тиіс. Өтеді деген үміттеміз.


Қолына ҰБ тестілеу нәтижесін алған әр адамға қолайлы оқу орындарының тізімі де ұсынылатын болады. Жалпы енгізілген жаңашылдықтар түлектердің жоғары білім алуына зор мүмкіндік береді.


 24.kz




Көрілген: 432    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.06.2019, 10:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31