Ерлік

Әскери шендерді қазақшалау керек деп ойлайсыз ба?

Бүгінде қоғамда әскери шендерге байланысты әртүрлі пікірлер айтылуда. Бірі шендерді қазақшалап, «майор, полковник, генералдың орнына жүзбасы, мыңбасы, түменбасы» деп атайық десе, енді бірі «оның не қажеті бар, одан еш нәрсе өзгермейді» деп өз пікірлерін білдіруде. Осы орайда бүгінгі Отан қорғаушылар мерекесін сылтау етіп, білікті мамандардың пікірлерін білген едік.


Бақытбек Смағұлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Әскери шендердің, жалпы, әске­ри тәр­тіптің орысшаланып кетуінің сы­рын ай­тайын. Кеңес өкіметі кезінде Ден­сау­лық сақтау, Мәдениет, Ақпарат сын­ды министрліктердің барлығы Қазақ КСР-на қарап, Қорғаныс мини­стр­лігі тікелей Кремль­ге бағынған. Де­ген­мен егеменді ел болдық, Тәуел­сіз­дікке қол жеткіздік. Енді құлдық сана­дан түбегейлі арылу үшін ұлттық құн­дылықтарымызды қолға алып, рухы­мыз­ды көтеретін де кез жетті. Осы ор­ай­да әскери шендерді де қазақы­лан­дыр­ған дұрыс деп ойлаймын. Шы­нын­да да, бұрын Қабанбай батыр, Бөген­бай батырлардың заманында мыңба­сы, тү­менбасыларымыз қол басқарып, ұйым­дасқан түрде тұтқиылдан келген жау­дың бетін қайтарып отырған. Бірақ бұл мәселеде өте абай болғанымыз жөн. Қа­зақшаға аударамыз деп жауға күлкі бол­майық. Бауырлас, түркітілдес елдердегі жағдайды зерттейік. Ал оған дейін алды­мен әскери тәртіпті қазақ­ы­ландыру қа­жет. Мәселен, «налево, на­право» деген ко­мандаларды әлі күн­ге «оңға, солға» деп айтқыза алмай жүр­міз. Рас, сарбаз­дар бір-бірімен қа­зақ­ша амандасып жүр. Бірақ ақылға сый­майтын амандасу. Бір-біріне «сәле­метсіз бе» деп аманда­сып жүр. Бұлай тек әйелдермен ғана аман­дасуға бола­ды. Ал ерлер «армысыз» деу керек деп ойлаймын. Міне, алдымен әскери тәр­тіпті қазақшаға дұрыстап рет­теп ала­йық. Ол үшін тек бұйрық керек. Бір ғана бұйрық барлығын ретке келті­реді.


Амалбек Тшан, қоғам қайраткері:

– Әскери шендерді қазақшаға аудар­ған­нан ұтарымыз бар ма? Сер­жант, лей­тенант немесе майор дегеннің несі жа­ман? Бүкіл әлемде осылай ай­тылады. Біз неге бұдан қашамыз? Әске­ри шендерді қазақыландырғаннан біз­дің ұлттық ру­хымыз көтеріліп кетпейді. Шынтуайтына келгенде, ұлттық рухты көтерудің басқа да амалдары бар. Оның үстіне бізде мың­басы дейтіндей соншалықты әскері­міз де жоқ. Сон­дықтан халықаралық тер­миндерге ай­налып кеткен әскери шен­дерді қа­зақ­шаға аударуды дұрыс деп са­намаймын. Құр босқа қаржыны рәсуә етеміз.


Қанат Әбутәліпов, Астана қаласы ішкі істер департаментінде аға нұсқаушы, лейтенант:

– Әскери шендерді қазақшаға ауда­ру­дың қажеті жоқ деп ойлаймын. Өйт­кені, шыны керек, қайсысы жүзба­сы, қай­сысы мыңбасы екенін ажырата алмай қаласың. Одан да еш өзгеріс енгізбей-ақ, қазіргідей лейтенант, ка­питан, майор деп атай бергеніміз жөн-ау. Одан да ішкі әскери тәртіптерді рет­ке келтіріп алға­ны­мыз дұрыс. Себебі, бізде жасыратыны жоқ, командалар­дың барлығы орыс ті­лін­де беріліп жа­тады. Қанша қазақшаға аударса да, әлі күнге «смирно, налево, на­право» деп айтылып жүр. Алдымен осы жағын бір арнаға бұрып алайық.




Көрілген: 2752    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.05.2013, 12:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31