Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Автобустағы әйелді құтқарып қалған жігіт марапатталды

08 тамыз 2022, 14:13

Алматы әкімі Ерболат Досаев автобуста әйелді құтқарған жігітті марапаттады. Әкім 23 жастағы Райымбек Медетбекке Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Райымбек Медетбек автобуста бұрынғы күйеуі пышақпен тап берген әйелді құтқарып қалған. Алматы әкімі ер адаммен кездесіп, оған ерлігі, батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтты. Сонымен қатар Алғыс хат пен бағалы сыйлықты табыс етті.

23 жастағы Райымбек Медетбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ жұмыс істейді.

Айта кетейік, Алматыда ер адам бұрынғы әйелін өлтірмек болып, пышақпен шабуыл жасаған. Жаға ұстатарлық видео әлеуметтік желіде жарияланды. Автобустағы өзге жолаушылар әйелді ажалдан алып қалған еді. 

Кейін зардап шеккен әйелдің адвокаты пышақпен шабуыл жасаған ер адамның тек 15 тәулікке қамауға алынғанына наразылық білдірген.