Ерлік

Спортшының Отан алдындағы борышы – көк туымызды көкте желбірету

  • Спортшының Отан алдындағы борышы –  көк туымызды көкте желбірету

    Спортшының Отан алдындағы борышы – көк туымызды көкте желбірету

Қазақта «Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер. Ер басына күн туса, етігімен су кешер» деген аталы сөз бар. Әлбетте, бетін аулақ қылсын, бірақ, расымен де, ел басына күн туар болса, «бастан құлақ садаға» дейтін спортшыларымыз қолдарына автомат алып, атойлап жауға шабуға дайын екені белгілі. Әйтсе де спортшыларымыз Отан алдындағы борыштарын қалай қорғайды екен? Жалпы, Ибраимов және оның спорттағы әріптестері әскерге шақыртылды ма? Автоматпен таныс па? Міне, осы сұрақтарға жауап бере отырып, спортшылардың Отан алдындағы борыштарын қорғау мәселесінің мәнін ашып беруге тырысып көрген едік.

Әрине, 18-ге толған, он екі мүшесі сау, Қа­зақстан мемлекетінде тұратын еліміздің әрбір азаматы әскерге шақыртылатыны рас. Сол сияқты спортшылар да әскер қа­та­рына алынады. Дегенмен талантты спорт­шы­лар Отан алдындағы борыштарын ар­найы спорт-ротада өтейді. Осы орайда Қазақ­стан Республикасы Қорғаныс ми­нистр­лігінің Орталық әскери спорттық клу­бы төрағасының орынбасары Олег Тка­чен­коның «Алаш айнасы» газетіне берген мына сұхбаты есімізге түсіп отыр.

– Спортшы деген көп қой. Мысалы, ІІІ раз­рядты спортшылар өте көп. Біз олардың бәрін спорт-ротаға шақырта алмаймыз. Со­лардың арасынан таланттыларын, спорт­тық дәрежесі жоғарыларын Орталық әскери спорттық клубтың намысын қор­ғау­ға шақыртамыз. Яғни спорт шебері жә­не одан жоғарыларын ғана арнайы спорт-ротаға қабылдаймыз. Әрі спортшыларды шектен тыс мұқият екшейміз, жан-жақты талдаймыз. Кездейсоқ біреулердің еніп ке­туіне жол бермейміз. Содан соң қор­ға­ныс министріне екшеліп алынған спорт­шы-сарбаздар тізімін бекітуге жібереміз. Біздің спорт-ротада спорттың көптеген түрі бар. Орталық әскери спорттық клубы­ның сапына шақыртылатын сарбаздар біз­дегі осы спорт түрлерінің өкілдері болуы керек. Бізге келген соң, олар әскери жар­ғы­ға сәйкес, азаматтық борыштарын өтей­ді. Әрі спорттан қол үзбей, алаңсыз жатты­ға алады, – деген болатын Олег Ткаченко.

Иә, қалыптасқан жағдай шынымен де солай. Әлде Сидней Олимпиадасының чем­пионы Ермахан Ибраимов қолына автомат алып, әскери полигонда жаттықты деп ойлайсыздар ма? Рас, ол да Отан ал­дындағы борышын өтеп, әскер қатарына шақыртылды. Автомат ұстап, сапқа тұрға­ны да ақиқат. Дегенмен, жасыратыны жоқ, өзге сарбаздармен салыстырғанда Иб­раи­мовтың Отан алдындағы борышын өте­уі өзгеше болды.

– Мен Отан алдындағы борышымды 1995-1997 жылдар аралығында өтедім. Ол былай болды. Спорт шебері деген дәрежем бар болатын. Сондықтан Орта­лық әскери спорттық клубтың сапына қа­был­дандым. Сөйтіп, ант беру рәсіміне қа­тыстым да, «дембель» болып үйіме қайта оралдым. Содан ішкі және сыртқы арена­ларда ЦСКА-ның намысын қорғадым. 1995 жылы Қарулы Күштер арасындағы дүниежүзілік спорттық ойындар өтіп, мен чемпион атандым. 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының ойындарына да ЦСКА-ның сарбазы ретінде қатыстым. Қазір пол­ковник деген шенім бар.

Міне, Ермахан Ибраимовты мысалға алу арқылы спортшыларымыздың Отан ал­дындағы борыштарын қалай өтейтін­дік­тері туралы қалыптасқан жағдайды алда­рыңызға көлденең тарттық. Ал бұл дұрыс па, әлде спортшыларымыз да өзге сарбаз­дар секілді Отан алдындағы борыштарын қолдарына мылтық ұстап, екі жыл әскери полигонда жатып өтеуі керек пе? Маман­дардан сұрап көруді жөн көріп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запас­тағы полковнигі Бекболат Иханбаевтың пікірін білдік.

– Спортшылар үшін Отан алдындағы борышын қорғау дегеніміз — халық­аралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, көк туымызды жерге түсірмей, әрдайым биікте ұстау. Бүгін бейбітшілік заман ғой. Лайым солай болсын! Яғни спортшылар шаршы алаңда, жасыл алаң­да, боз кілем­де жеңіске жетеді. Өз басым егер спорт­шы­ла­­рымыз халық­аралық аре­наларда же­ңіс­терге жетіп жатса, Отан ал­дындағы боры­шын абы­рой­мен өтеп жа­тыр деп түсінемін.

Иә, журналист ретіндегі біздің ойымыз да осындай. Ендеше, спортшыларымыз отан алдындағы борыштарын абыроймен өтей берсін. Халықаралық ареналарда жеңісті жолдарын бірінің артынан бірі жалғастырып, әрдайым көк туымызды көкте желбіретсін!




Көрілген: 2913    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.05.2013, 12:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30