Эсселер

"Мал бағып күнін көрген". Қызылорда полицейлері 3 жыл бұрын жоғалған ер азаматты тапты

  • "Мал бағып күнін көрген". Қызылорда полицейлері 3 жыл бұрын жоғалған ер азаматты тапты

2018 жылы Қызылордада іс-түссіз жоғалған ер азаматты үш жылдан соң полиция қызметкерлері Түркістаннан тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, Қызылорда облысының тұрғыны 2018 жылдың қазан айында 48 жастағы туған інісінің тұрғылықты үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмау дерегіне байланысты іздестіру жұмыстарын жүргізуді сұраған.

 
"Аталған дерек бойынша сол уақытта іздестіру ісі арналып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Қармақшы аудандық полиция бөлімінің криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілдерімен жүргізілген тынымсыз іздестіру жұмыстарының нәтижесінде кеше, яғни 6 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен азамат Түркістан облысы, Түркістан қаласында вокзал маңында жүрген жерінен табылды", - делінген полиция басқармасының хабарламасында.

Қазіргі таңда ол Қызылорда облысы полиция департаментінің Қармақшы АПБ-не жеткізіліп, інісіне тапсырылды.

Белгілі болғандай, жүйке ауруымен ауыратын бұл азамат алдында да үйінен кетіп қалып жүрген.  Сұрастыру барысында, жоғалған ер адам осыған дейін Алматы қаласында мал шаруашылығында  жүріп, мал бағып күнін көргендігін айтқан.




Көрілген: 151    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 00:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Сәуір, 13:15
    Ғылымның пайдасы
    29 Наурыз, 13:06
    Кім боламын? (эссе)
    19 Ақпан, 13:07
    Менің анам (Эссе)
    4 Ақпан, 13:40
    Эссе жазу үлгісі
    27 Қаңтар, 16:18
    Қыс қызықтары (Эссе)
    25 Қаңтар, 09:44
    Менің отбасым. Эссе
    19 Қаңтар, 21:19
    Менің арманым... (Эссе)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30