Эсселер

Менің анам (Эссе)

  • Менің анам (Эссе)

    Менің анам (Эссе)

Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан,
Сүйікті адам  бар ма екен?

Ф. Оңғарсынова               
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол &ndash Ана. Баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да &ndash Ана.  Әрбір ана бақытты өмірді, тыныштықты тілейді. Ана &ndash тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Дүниеде анасыз адам жоқ. Жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алған. Ана &ndash барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер ананың ақ сүтінен дариды. Ана &ndash ұлы адам, қасиетті жан. Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен деген. 

Мен анамды қатты жақсы көремін. Сыйлаймын, амандығын тілеймін. Бірақ кейде оны ренжітіп алып жатамын. Мен өзім тез ашуланатын мінезім бар. Кейде анама бұлданып, қарсы сөйлеп қалатыным бар. Бірақ ашуым қайтқан соң «бекер айттым» деп өкініп қаламын. Бірақ анам кешірімшіл, ақылды, байсалды адам. Осындай сәттерде мен анама барып, көңілін табуға тырысамын. Бетінен сүйіп, жылы сөздер айтамын.  

Анам ауырып қалған кезде мен анамның амандығын тілеймін. Бұл өмірде достарым, туыстарым қаншалықты көп болғанымен, олардың жаны анамдай ашымайтындай болады. Анашым &ndash отбасының тірегі. Барлығы жасы үлкен-кіші туыстарым бір істі бастарда немесе басқа да жағдайларда менің анаммен ақылдасады. Ол барлық мәселенің шешімін тауып реттейді, кеңес береді. Анам &ndash ажарлы кісі. Анамды қатты жақсы көремін. Анашым мені түсінетіне күмәнім жоқ. Анам ауырмай ұзақ өмір жасаса екен деп тілеймін. Анасыз өмір не болмақ?! Анам аман болсыншы! Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілеймін.

Барлық балалардың аналары аман болсын!




Көрілген: 1124    Пікірлер: 0

жұма, 19.02.2021, 13:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28