Менің сүйікті жануарым (эссе)

Менің сүйікті жануарым (эссе)

Ит

Ит &ndash адамның ен сенімді досы. Ол біздің үйімізді және отбасы мүшелерін күзететін керемет жануар. Бұл үй жануарлары &ndash өз адалдығымен ерекшеленеді, қажет болса, өз қожайыны үшін құрбан болуға дайын. Полиция қызметкерлері, қылмыскерлерді іздеу үшін иттерді қолданады. Арнайы үйретілген ит есірткіні де, қаруды да таба алады. Бұндай иттер әсіресе шекарада пайдалы. Иіс сезу қабілеті жақсы дамығандықтан, олар контрабандалық тауарларды жылдам анықтайды. Ит &ndash жер бетіндегі ең ақылды тіршілік иелерінің бірі. Егер өзіңіздің құйрықты досыңызға дұрыс күтім жасасаңыз, ол сізге шексіз адал болады. 

Жылқы

Менің ең сүйікті жануарым &ndash жылқы. Олар ақылды және әдемі хайуандар. Ежелгі уақыттан бастап, ат адамның өмірінде үлкен рөл атқарған. Мысалға, соғыс кезінде атты әскер &ndash негізгі күш болып саналған. Ол кезде автокөліктер болмағандықтан, адамдар осы жануарлардың арқасында алыс қашықтықтарға сапар шегуге мүмкіндік алған. Жылқы тек көлік ретінде ғана емес, сондай-ақ, шаруашылықта да пайдаланылған. Мен жылқыларды жақсы көремін, олар қасиетті жануарлар. Егер адам өзіне сенімді және берік дос тапқысы келсе, жылқыға сүйіспеншілікпен қарауы керек. Себебі, ат &ndash өте сезімтал, немқұрайлы қарайтын адамға жақындамайды.

Мысық

Мен үйде мысық асыраймын. Оның есімі &ndash Томи. Томиды үйге әкем алып келді. Басында ол кішкентай және қорқақ болды, бірақ, бір аптадан кейін үйреніп кетті. Ол менімен ойнағанды ​​жақсы көреді. Күйзеліс кезінде, менің көңіл-күйімді көтеруге тырысады. Олар &ndash стрессті басады, бұл ғылыми дәлелденген факт. Мен Томисыз өмірімді елестете алмаймын. Кейбір адамдар, мысықтарды тышқан аулау мақсатында ғана үйге кіргізеді. Бірақ, мен өз мысығымды толыққанды жанұя мүшесі ретінде санаймын. Ол өте мейірімді және өз иелерін жақсы көреді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста