2020 жылдың ең мықты футболшысының есімі аталды

17 қараша 2020, 14:19

Мюнхендік "Бавария" мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски World Football Summit және испаниялық AS басылымының тұжырымы бойынша 2020 жылдың ең мықты футболшысы атанды.

 

Желі қолданушылары мен арнайы қазылар алқасының дауыс беруінде футболшы командаласы германиялық Йозу Киммих пен "Барселона" шабуылшысы Лионель Мессиден асып түсті.

 

Биылғы маусымда Левандовски "Бавария" үшін барлық турнирде 11 матчке қатысып, 13 гол салды және бес нәтижелі пас берді.

 

Оның "Бавариямен" келісімшарты 2023 жылға дейін есептелген, ал трансферік құны 60 миллион еуроға бағаланып отыр.

 

kaz.vesti.kz/