2022 жылғы футболдан Әлем чемпионатының таңба белгісі таныстырылды

02 сәуір 2022, 09:39

Катар мен ФИФА футболдан Әлем чемпионатының ресми тұмарын жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме.

Алдағы 2022 жылғы Катардағы әлем чемпионатының атрибутын Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) өз сайтында жариялап, таныстырды.

 

Әлем біріншілігінің тұмары la ' eeb (Лайб) деп аталатын ұшатын кілемшеге ұқсас тіршілік иесі. "Ол бір сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес маскоттың параллель әлеміне жатады".

 

Араб тілінен аударғанда la ' eeb "өте мықты ойыншы" дегенді білдіреді.

 

Бүгін, 1 сәуірде Катарда әлем чемпионатының жеребесі тартылады. Турнир 2022 жылдың 21 қарашасынан 18 желтоқсанына дейін жалғасады.