Әлем футболының жұлдызы Криштиану Роналду маңызды гол соғып, "Әл-Наср" клубына жеңіс сыйлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Футболдан Сауд Арабиясының 28-турында "Әл-Наср" мен "Әл-Шабаб" кездесті. Эр-Рияд қаласында өткен матчта 3:2 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Ойынның нүктесін Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду 60-минутта қойды. Осылайша, "Әл-Наср" кезекті жеңісіне қол жеткізіп, маңызды ұпайға ие болды. Қазіргі уақытта турнирлік кестеде эр-риядтық клуб 63 ұпаймен екінші орында орында келеді. Айта кетейік, Футболдан Сауд Арабиясының аяқталуына небәрі екі тур қалды.