Футбол

FIFA коронавируске байланысты ұсыныстар тізімін жариялады

  • https://www.eurosport.ru/

    https://www.eurosport.ru/

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) әлемде коронавирус пандемиясына байланысты футболды уақытша шегеру жағдайына қатысты ұсыныстар тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

 

FIFA клубтарға қалыптасқан жағдайға байланысты футболшылар үшін бірқатар жеңілдік жасауды ұсынды. Кейбір ойыншылардың еңбек келісімшарты биылғы жазда бітуі мүмкін. Мұндай жағдайда клубтар оны маусым соңына дейін созуға шешім қабылдауы тиіс.

Ал келесі маусымда командалар қатарына қосылуға мүмкіндік алған футболшыларға оны өз уақытында қолдануға болады.

 

FIFA жалақының қысқару жағдайына байланысты әрбір клубтың өзі шешім қабылдайтыны жөнінде пікірін білдірді. Бірақ, даулы істерде тәуелсіз сарапшы әрекетін пайдалануға негіз бар.

 

FIFA сайтында жазғы трансферлік кезең уақыты ағымдағы және келесі маусымның басталу күндерін ескере отырып түзетіледі деп көрсетілген.

 

Бұған дейін UEFA президенті еурокубок ойындары 3 тамызға дейін аяқталуы тиіс екенін мәлімдеді немесе ойындар нәтижесінен бас тарту жағдайы көзделген. Ұйым Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы қатысушыларына қаржылық файр-плей әрекетін тоқтатқан болатын.


 




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.04.2020, 09:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31