Футбол

Nike жыныстық зорлық-зомбылық туралы айыптаулардан кейін Неймармен келісімшартын үзді

  • https://www.championat.com/

    https://www.championat.com/

Nike компаниясы Бразилия құрамасы және "Пари Сен-Жермен" футболшысы Неймармен компания қызметкеріне қатысты жыныстық зорлық-зомбылық тергеуі басталғаннан кейін келісімшартты мерзімінен бұрын бұзды, - деп хабарлайды РИА Новости.

 

Бұл туралы Wall Street Journal газеті ақпарат көздері мен құжаттарға сілтеме жасай отырып жазады.

 

Басылым мәліметі бойынша, 2020 жылдың тамызында Nike әлемдік футбол жұлдызымен келісімшартты негізсіз бұзған. Бірақ ол кезде шарттың бітуіне әлі сегіз жыл уақыт болған. Газет мәліметіне сүйенсек, бұл Неймарға қатысты басталған ішкі тергеуге байланысты.

 

2016 жылы Nike қызметкерлерінің бірі таныстарына, сондай-ақ әріптестеріне футболшы оны Нью-Йорктегі қонақүй бөлмесінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлеуге тырысқанын айтқан. Ол Неймарға іс-шаралар мен логистиканы үйлестіруге көмектескен, деп жазады газет.

 

2018 жылы қыз компанияға шағым түсірген. Осыдан кейін Nike 2019 жылы тергеу жүргізу үшін адвокаттарды жалдаған. Күдік тууына байланысты компания Неймарды маркетинг саласында қолдануды тоқтатуға ұйғарған. Ал 2020 жылы компания футболшының адвокаттармен жұмыс істеуден бас тартуына байланысты қарым-қатынасты мүлдем тоқтатады.

 

Футболшының өзі айыптауды жоққа шығараған. Неймардың айтуынша, компания мен футболшы коммерциялық себептерге байланысты қатынасты тоқтатқан.

 

 

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 557    Пікірлер: 0

сенбі, 29.05.2021, 09:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31