Футбол

UEFA Конференция лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Фоладан» басым түсті

  • UEFA Конференция лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Фоладан» басым түсті

    UEFA Конференция лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Фоладан» басым түсті

UEFA Конференция лигасы плей-офф сатысында қазақстандық «Қайрат» алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылық клуб плей-офф сатысында сырт алаңда Люксембургтің «Фола» командасымен кездесті.

Ойынның алғашқы кезеңінде екі команданың да гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Десе де футболшылар қақпаны дәл көздей алған жоқ.

Кездесудің 19-минутында алаң иелері қатарынан Мирза Мустафич мергендік танытқан еді. Бұдан кейін алматылық клуб қатарынан үш гол соғып кетті. Алдымен 28-минутта Артур Шушеначев таразы басын теңестірсді. Одан кейін Вагнер Лав 37, Рикарду Алвеш 43-минуттарда гол соғып, есепті үстемелей түсті. Ал 70-минутта Вагнер Лав пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті. Екі команданың қарымта кездесуі 26 тамызда Алматы қаласында өткізіледі.

Айта кеетйік, «Қайрат» алдымен Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында Израильдің «Маккаби Хайфа» клубынан (1:1, 2:0) басым түсті. Одан кейін Сербияның «Црвена Звезда» клубына (2:1, 0:5) жол беріп қойды. Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында «Қайрат» Арменияның «Алашкертіне» (0:0, 2:3) есе жіберді.




Көрілген: 301    Пікірлер: 0

жұма, 20.08.2021, 09:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31