Футбол

UEFA «Ордабасы» клубына байланысты шешім қабылдады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстандық «Ордабасы» командасы UEFA аясындағы барлық турнирден шеттетілмейтін болды. Аталған ұйымның клубтар бойынша қаржылық бақылау арбитраждық палатасы осындай ұйғарымға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі UEFA сайтына сілтеме жасап.

 

Естеріңізге сала кетелік, аталған ұйым «Ордабасы» клубы тарапынан төлемдер бойынша кездескен проблемаға байланысты қатаң талап қойған болатын . Онда 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі барлық берешектермен есептескені жөнінде 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін толық дәлелдеуі тиіс екені көрсетілген.

 

Шымкенттік клуб 2019 жылдың желтоқсан айында өздеріне қойылған барлық талапты орындады. Нәтижесінде енді олар 2020/21 и 2021/22 жылдардағы еурокубок ойындарына қатысуға мүмкіндік алды.

 

Өткен жылы «Ордабасы» Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінде үшінші орынды еншілеген еді. Биыл Еуропа лигасында бақ сынайды.

 

Сондай-ақ, биыл Қазақстан атынан елордалық «Астана» Чемпиондар лигасында, Алматының «Қайраты» мен Қызылорданың «Қайсары» Еуропа лигасында ел намысын қорғайды.

 




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.04.2020, 08:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31