Футбол

ӘЧ-2022: Франция іріктеу кезеңін тең ойынмен бастады

  • Фото: 112.ua©

    Фото: 112.ua©

24 наурызда 2022 жылғы әлем чемпионатына Еуропа құрлығы бойынша іріктеу сатысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қазақстан құрамасы сынға түсетін D тобында екі кездесу өтті. Өз алаңында Франция Украинаны қабылдаса, Финляндия Босния және Герцоговинамен күш сынасты .

 

Жанкүйерлер назары негізінен Франция мен Украина құрамалары арасындағы ойынға ауғаны айдан анық.

 

Әлемнің көптеген жұлдыздары жиналған француздар өз тобында украиндықтарды басты қарсыласы санайтынын айтып өтті. Сондықтан негізгі құрамда тәжірибелі футболшыларды жасыл алаңға шығарды.

 

Есепті алғаш болып алаң иелері ашты. Француз шабуылшысы Антуан Гризманн 19-минутта мергендігімен көзге түсті. Ал 57-минутта франциялық қорғаушы Преснел Кимпембе өз қақпасына гол соғып алды.

 

Осылайша кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

 

Аталған топтағы Финляндия Босния және Герцоговинамен 2:2 есебімен тең түсті.

 

Енді екінші тур ойындары 28 наурыз күні болады. Бұл күні өз алаңында Қазақстан Францияны қабылдаса, Украина Финляндиямен шеберлік байқасады

 

 

 




Көрілген: 265    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.03.2021, 08:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31