Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесінде қай себетте болатыны анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
 
Михал Билектің шәкірттері Ұлттар лигасының соңғы турында Литвадан 1:2 есебімен жеңіліп қалған. Қазақстан құрамасы 4-топта соңғы орын алды, енді С дивизиясында қалу үшін іріктеу матчын ойнайды.
 
Жеребе кезінде себет мынадай болады:
 
Бірінші: Бельгия, Франция, Англия, Португалия, Испания, Италия, Хорватия, Дания, Германия, Нидерланд;
 
Екінші: Швейцария, Уэльс, Польша, Швеция, Австрия, Украина, Сербия, Түркия, Словакия, Румыния;
 
Үшінші: Ресей, Венгрия, Ирландия, Чехия, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Исландия, Шотландия, Грекия, Финляндия;
 
Төртінші: Босния және Герцеговина, Словения, Черногория, Солтүстік Македония, Албания, Болгария, Израиль, Беларусь, Грузия, Люксембург;
 
Бесінші: Армения, Кипр, Фарер аралдары, Әзербайжан, Эстония, Қазақстан, Косово, Литва, Латвия, Андорра;
 
Алтыншы: Мальта, Молдова, Лихтенштейн, Гибралтар, Сан-Марино.