«Ақтөбе» футбол клубына жаңа бас бапкер таныстырылды

02 мамыр 2022, 00:21

Белгілі қазақстандық футболшы әрі маман Андрей Карпович «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жаңа бас бапкер командаға таныстырылды.

 

«Жуырда 41 жастағы А.Карпович келісім жүргізу үшін Ақтөбеге ұшып келген болатын. Дегенмен 2 мамыр күні «Ақжайықпен» өтетін матчқа команданы бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы Петр Бадло дайындауда. Қазақстан біріншілігі 8-турының қорыындысы бойынша А.Карпович өз еркімен «Қызылжар» командасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын», деп хабарлады клубтан.

 

Турнир кестесінде ақтөбеліктер 11 ұпаймен сегізінші орында келеді.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан ел чемпионатында «Астана» «Тұранмен» тең ойнаған, «Атырау» «Ордабасыны» ұтқан болатын.