Албания-Қазақстан ойынында испаниялық мамандар төрелік етеді
Хавьер Фернандестің жетекшілігімен Испания төрешілер құрамы Ұлттар лигасы аясында Албания-Қазақстан ойынында қызмет көрсетеді, деп хабарлайды olympic.kz сайты.  
Ойынның төрешісі - Хавьер Эстрада Фернандес.  Төрешінің көмекшілері - Роберто Алонсо, Гуадалупе Поррас. Төртінші рефери - Рикардо де Бургос. 
Албания-Қазақстан арасындағы кездесу 15 қараша күні елорда уақытымен 23:00-де басталады. 
Матч Тирандағы "Арена Комбетареде" өтеді.